
24.11.2023 жылы Успен ауданының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында , "Жастар салауатты өмір салты үшін" жастар қоғамдық бірлестігі аудан жастары арасында "Жас волонтер" форумын өткізді.
Форум жастарды волонтерлік қызметке тарту және ауданда волонтерлік қызметті дамыту және қолдау үшін жағдай жасау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.
Жастарға Павлодар облысының волонтерлік жобалары мен бағдарламалары, әлеуметтік және экологиялық волонтерлік тәжірибесінің мысалдары ұсынылды. Ойын-сауық зияткерлік ойындары, кейстерді шешу және т. б. өткізілді.
Жастар белсенді қатысып, міндеттерді шешуде, ұжымда жұмыс істеуде және шешім қабылдауда белгілі бір дағдыларға ие болды.