2023 жылғы 1 маусым мен 5 маусым аралығында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.

2023 жылғы 1 маусым мен 5 маусым аралығында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тек онлайн режимде-портал арқылы қабылданады qoldau.kz. порталға кіру кәсіпкердің ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.

Грант алудың міндетті шарттары:

1) мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде қоса қаржыландыру (оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы/жылжымайтын мүлік;

2) жаңа жұмыс орындарын құру;

3) кәсіпкердің бизнес-жобасында жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымның болуы және/немесе құрылуы көзделген инвестициялық жоспардың болуы.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 Қаулысымен бекітілген экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (тіркеу мерзімі 3 жылдан аз заңды тұлға құрмай ЖК) өтеусіз негізде, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне (ЖК және заң берілетінін атап өтеміз ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізілген тұлғалар), сондай-ақ салалық шектеулерсіз «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасына қатысушылар.

Өтініш берген кезде үміткерлер тиісті құжаттарды PDF форматында ұсынуы керек:

1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

2) кәсіпкердің ескіру мерзімі 3 жылдан аспайтын ұлттық жоба шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткенін растайтын құжат;

3) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың бар екендігін растайтын құжаттар

Грант көлемінің 20% (банктік шоттан үзінді, бизнес-жобаға қатысатын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар);

4) экономиканың басым секторларында кәсіпкердің қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі

Құжаттар тізімі, экономиканың басым секторларының тізімі, сондай-ақ өтінім үлгісін біздің сайттан жүктей аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir?lang=ru