Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

2023 жылғы 20 қаңтарда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы"Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу күні – 2023 жылғы 19 наурыз.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган ("Успен ауданы әкімінің аппараты" ММ) жасайды. Азаматты белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.

Сайлаушылар тізімдерінің мәліметтерін нақтылау, азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу, сайлау учаскелерінің мекенжайлары мен шекараларымен танысу бойынша жедел жұмыс жүргізу үшін CALL-орталық құрылды, ол өз жұмысын 2023 жылғы 27 қаңтардан бастайды.

Call-орталықтың мекенжайы: Успенка ауылы, Қазыбек би көшесі, 71.

Телефон 8(71834) 92099 - жұмыс күндері сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.;

Телефон 8(71834) 91444 –сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Электрондық пошта мекенжайы org.aur@pavlodar.gov.kz

WhatsApp Нөмірі: 8 (708) 591 91 69.