Успен ауданының ЖАО мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын зерделеу туралы кездесу өтті

2022 жылғы 21 қыркүйекте Успен ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Мусинұлы Айтмакушевтің төрағалығымен Павлодар облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Шыңғыс Аманбекұлы Ағжанбаевтың Успен ауданының ЖАО мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыс кездесуі өтті, жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар және орын алған бұзушылықтар туралы аймақта, сондай-ақ қызметтік автокөліктің мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігі және автокөлік құралдарын жеке мақсатта және жұмыстан тыс уақытта пайдалануға тыйым салу туралы еске салды. Кездесу барысында Успен ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Курсакова Валентина Петровна ауданда сыбайлас жемқорлықтың, этика және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы баяндама жасады.