Құрметті жер пайдаланушылар!

Құрметті жер пайдаланушылар!

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес жер пайдалану құқығы кемінде бір жыл мерзімге мемлекеттік тіркелуге жатады.

Көрсетілген Заңның 7-бабына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жылжымайтын мүлікке құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды.

Тиісінше қаулы мен жалдау шарты уақытша өтеусіз, өтеулі жер пайдалану құқығына акті дайындалғаннан кейін міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 – бабына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты-уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған акт болып табылады.

Егер жергілікті атқарушы органның шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін оны пайдалануға жол берілмейді.

Бұл норманың сақталмауы жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді.

Жер учаскесіне құқықтарды тіркеу үшін Сіздерге орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына жүгіну қажет.