Хабарландыру

Хабарландыру

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ (140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 5Б, тел. 8 (7182) 326618 немесе 8 (7182) 652560, e-mail: kense.dpr@pavlodar.gov.kz, мекеменің инстаграм парақшасы tabigat_pv) Павлодар облысының аңшылық алқаптарын бекіту бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсты өткізудің мақсаты-аңшылық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарын бекітіп беру.

Өтініштерді беру мерзімі 2022 жылдың 1-15 тамыз аралығы (қоса алғанда). Өтініштер (gosreestr.kz) электрондық порталы арқылы беріледі.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі-Қағида) және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес квалификациялық талаптарға сай Конкурсқа қатысуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының барлық жеке немесе заңды тұлғалар жіберіледі.

Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

         1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

          2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

          3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).

          4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама;

Конкурсқа қатысу үшін келесі ақпаратты көрсете отырып, веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН, толық аты-жөні, байланыс деректері.

2) заңды тұлғалар үшін: БСН, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының толық аты-жөні, екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері, байланыс деректері.

Конкурсқа қатысушылар Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес веб-портал (e-auction.gosreestr.kz) арқылы аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім береді. Өтінімдерді ашу жоғарыда көрсетілген конкурстың күні мен уақыты келген кезде веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - 2022 жыл 16 тамыз сағат 00:00.

Байқауға қатысушылардың өтінімдері 2022 жылы 16 тамыз сағат 10:00 де ашылады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7182) 652560 немесе 8(7182) 326618 телефоны бойынша алуға болады.

Конкурсқа Павлодар облысының келесі резервтік аңшылық алқаптары қойылатын болады:

  1. Павловское аңшылық алқабы (Успен ауданы)
  2. Лозовкое аңшылық алқабы (Успен ауданы)
  3. Березовское аңшылық алқабы (Железин ауданы)
  4. Майқайың аңшылық алқабы (Баянауыл ауданы)
  5. Ертіс аңшылық алқабы (Ертіс ауданы)
  6. Қызылжар аңшылық алқабы (Ақсу қаласы)
  7. Черноречное аңшылық алқабы (Павлодар ауданы)
  8. Базшакөл аңшылық алқабы (Екібастұз қаласы)
  9. Жамбыл аңшылық алқабы (Ақтоғай ауданы).