Онлайн форматта аудандық комиссияның жоспарлы отырысы өтті

Онлайн форматта аудандық комиссияның жоспарлы отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары С.О. Жүніспаеваның төрағалығымен онлайн форматта аудандық комиссияның жоспарлы отырысы өтті. 2004 жылғы 9 шілдедегі "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" ҚР Заңының орындалуы туралы білім беру бөлімінің басшысы А.К. Жиренова, Успен ауданының ПБ инспекторы А. К. Накенов, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары А. Б. Алтаев хабардар етті. Екінші мәселе бойынша ауылдық округтердегі қоғамдық комиссиялардың отбасылардағы қолайсыздықты, құқық бұзушылықтарды алдын алу, сондай-ақ отбасы ішіндегі қолайлы ахуал жасау жөніндегі қызметі талқыланды. Басқа да мәселелер қаралды. Аудандық қызметтерге тапсырмалар берілді.