Сіз үшін ең керемет кез – демалыс басталды. Сауықтыру демалысы мен көңіл көтеру мерзімі.
Осыған байланысты, саябақта немесе үйде, орманда немесе балық аулауда, жидек жинағанда, өзіңіздің аулаңыз немесе алаңынызда болсаңыз да – өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ешқашан ұмытпаңыз!
Әсіресе, ашық от пен сіріңкемен абай болыңыз!
Тоғайда немесе алқапта өртті ересек адамдардың рұқсатымен және қатысумен және өсінділерден босатылған, пісіп жетілген бидайдан, шөптен, сабандардан және құрылымдардан алыс алаңдарда жандырыңыз. Орманда, алқапта ешқашан сөнбеген өртті қалдырмаңыздар. Кеткен кезде алауды міндетті түрде өшіріңіз.
Өзіңіз сіріңкемен ойнамаңыз және мұны балалардың ойнауына бермеңіз, одан гөрі жасөспірімдердің қол жетпес орындарына алып тастаңыз.
Жоғары сынып оқушылары! Балаларға сіріңкемен немесе отпен болған ойындар әрдайым жазатайым оқиғаларға – өртке, жиі адамдардың қазасына әкеп соқтыратынын түсіндіріңіз және өзіңіз де есіңізден шығармаңыз.
Егер өрттің алдын алсаң, біздің Отанымызға, өзіңнің жақындары мен туыстарына үлкен пайда әкелетіңізді естен шығармаңыз!
Қымбатты балалар, Сіздерге жазда жақсы демалып, мектепке аман-есен, көңілі шат болып қайтуларыңызға тілектеспіз.
Успен ауданының ТЖБ