Терек мамығы өртке қауіпті!

Терек мамығы өртке қауіпті!

Жыл сайын маусымның бірінші жартысы ыстық ауа райымен және терек мамығымен қоса жүреді. Осы кезеңде тұтанулар мен өрттердің пайда болуы әбден мүмкін. Терек мамығы өртке өте қауіпті, ол аздаған ұшқыннан немесе темекі тұтығынан лезде тұтануы мүмкін, осыған орай ол өте тез жанады. Балалар терек мамығын ермек үшін жағады, бірақ бұл іс қаншалықты қауіпті екенін ойламайды. Терек мамығының тұтануынан өрттердің пайда болуына жол бермеу үшін үй иелері, ұйымдардың басшылары профилактикалық шаралар уақытылы қолдануы керек. Осы жағдайдағы негізгі әдіс мамықтың жиналатын жерлеріне қайта-қайта су құю болып табылады, осыдан кейін мамық қауіп төндірмейді және оны тарнауыштардың көмегімен оңай жинап тастауға болады. Қиын емес сақтандыратын шаралар, Сізді нәтижесінде күтпеген жағдайға ұшыратуы мүмкін өрттен сақтайтынын есте сақтаңыздар.

 

 

Успен ауданының ТЖБ