Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары

Адамдар ашық көзден өрттің шығу қаупін көруді үйреніп алған, олар: от, сөндірілмеген шылым және тағы басқа, бірақ адам оны қоршаған қауіпті электрқондырғыларға ешқандай мағына бермейді. Өрттің бір бөлігі адамның ұқыпсыздығынан болатыны таңғаларлық емес.

Статистика бойынша өрт көбінесе тұрғын үйлерде адамдардың өз ұқыпсыздығынан болатыны көрсетеді. Өрт өшірілмеген радиоқабылдағыштан, теледидардан, магнитафоннан, электр үтіктен, электркаминнен болады.

Тұрғын үйлер, пәтер, алаңдағы ғимараттардың, жеке гараждар мен басқа тұрғын алаңдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, келесі шарттарды білу керек:

  • тұрғын үйде электржабдықтар мен электраспаптар жарамды түрде болу керек;
  • электрлік плиталар және басқа да жылытқыш қондырғылар өртке төзімді жерлерде тұру керек, яғни керамикалық, металлды немесе асбесцементті жерлерде орнатылу тиіс;
  • жылытқыш қондырғыларды тез жанатын, яғни ағаштан жасалған жиһазға орнатылуына тыйым салынады;
  • электрқыздырғыштарды қолданған кезде қараусыз қалдыруға немесе сәбилердің бақылауына тастап кетуге тыйым салынады;
  • тұрғын үйден шыққанда немесе түнгі уақытта жылытқыштар сөндірілген түрде болуы тиіс.

Сөндірілмеген, бақылаусыз тасталып кеткен қондырғы өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

 Успен ауданының төтенше жағдай бөлімі