Мас күйінде шылым шегу – өрттер мен адамдардың өлімінің себебі

Мас күйінде шылым шегу – өрттер мен адамдардың өлімінің себебі

Алкоголь мен темекіде үйлесім жоқ. Бұл қосынды -  апатқа, өкінішке орай, кейбір жағдайда адам өліміне әкеледі. Алайда, ол туралы ұмытып жатамыз, басқалардың қателіктерінен сабақ алмай өзіміз соған ұрынамыз.

Жыл сайын отты абайсыз қолдану кезінде, көп жағдайда мас күйінде темекі шегу – адам өліміне ұшыратады. Ұйықтар алдында мас адамның темекі шегуі өте қауіпті. Мұндай жағдайда өрт өте қарапайым схема бойынша басталады: мас болу, темекі шегу, қалғу.   

Бықсыған темекі төсек орындарды және жанғыш материалдарын тұтандыру қаупін тудыруы мүмкін, соның нәтижесінде бөлме ішін қатты түтіндетіп, ұйқыдағы адамдардың түтінмен улануына, тіпті адам өліміне душар етеді.    

Осындай өрттердің алдын алу үшін Качир ауданың төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үлкен жұмыстар жүргізуде. Әрине, тұрғын үй ғимараттарын тексеру, алдын алу шаралары және іс-әрекеттері оң нәтижесін беруде. Бірақ әрқайсымыз бұл мәселенің маңыздылығы мен тереңдігін түсінбесек, ақыры қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.

Сіз және сіздің жақындарыңыз осындай апатқа ұшырамас үшін, мына талаптарды орындауыңыз керек:

- қандай жағдайда да төсекте, сонымен қатар жанғыш заттар мен материалдар жанында темекі шекпеңіз, және қонақтарыңыздан да осыны талап етіңіз;

- күлсалғышта, қоқыс қораптарында және тез тұтанғыш материалдары бар орындарда сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылын қалдырмаңыздар.

Есте сақтаңыздар, өрт жауапсыздықты, немқұрайлылық пен ұқыпсыздықты кешіре бермейді.

Шұғыл көмек шақыру телефондары (тегін):

- өрт күзеті – 101;

- құтқару қызметі – 112.

                                                     

Успен ауданың ТЖБ