Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Сіздерді ортақ іске атсалысуға шақырамыз!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!   Сіздерді ортақ іске атсалысуға шақырамыз!

Облыс әкімдігінде 2022 жылға арналған жедел іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Біздің өңірімізді одан әрі дамыту үшін не қажет екенін бірлесіп анықтау үшін осы құжатты қалыптастыруға қатысуды ұсынамыз. Павлодар облысының тұрғындарынан нақты және сындарлы ұсыныстар негізгі алты бағыт бойынша қабылданады:

1. Кедейшілікпен күрес
2. Жастармен қарым-қатынас
3. Шағын және орта бизнесті дамыту
4. Халық табысының өсуін қамтамасыз ету
5. Инфрақұрылымның тұрақты жұмысы
6. Халықпен байланыс

usynys@pavlodar.gov.kz электрондық поштаға хат жіберу немесе тиісті әлеуметтік медиа жазбасына түсініктеме қалдыру арқылы өз идеяларыңызбен бөлісе аласыз. Барлық ұсыныстар 2022 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады. Белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз.

Өңірімізді бірге көркейтейік!

#UsynysPavlodar2022