«Пешті жылытуды дұрыс қолданыңыз»

«Пешті жылытуды дұрыс қолданыңыз»

Жылыту маусымының жақындауына және суық ауа-райының басталуына байланысты жыл сайын күзде өрт қауіпсіздігінің айлығы жарияланады, оның шеңберінде біздің қызметкерлеріміз үй-үйді аралау рейдтерін жүргізеді. Рейдтердің барысында басты назар пештер мен түтіндіктердің орналасуына бағыталады, үй иелеріне пештер мен түтіндіктердің орналасуында бұзушылықтар болған жағдайда, оларды жою бойынша ұсыныстар мен жадынамалар беріледі. Алайда, біздің азаматтарымыздың көбі «қол сілтеп, безеңдейді» және  ережелерді сақтауға қылмыстық немқұрайдылықпен  қарайды. Пештерді қалау «кездейсоқ адамдарға» сеніп тапсырылатыны жиі кездеседі, жылдар бойы пештердің жөндеу жұмысын жүргізбейді, түтіндіктерді тазаламайды.  Жыл сайын осы себептен өрттердің саны артуда. Бірақ өрттің өзі түк те емес, тәжіриебе көрсеткендей,  ақаулы пеш адамдардың қаза болуына әкеп соқтыруы мүмкін және әдеттегідей, отбасының барлық мүшелері улануынады. Азаматтардың селқостықтығы ауыр  зардаптарға әкелетін  жағдайлар өте көп. Пеш өзіне қатысты салдыр-салақтықты  төзбейді, құдықтағы болмашы сызат та қасіретке (апатқа) әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан пешті жылыту маусымына дайындауға қадала  кеңес береміз. Жылыту пешін сырттан және іштен жете қарау қажет, пеш оттығының табағы мен өңдеулерінде (бөлшектерінде)  жанып кетулер мен басқа бүлінулер жоқ екендігіне көз жеткізу керек, қажеттілігіне қарай пештің түтін шығаратын мұржасы мен пештің өзін сылақтау керек. Пештер мен түтіндіктерді қара күйеден тазалау жылыту маусымы басталуының алдында, сондай-ақ жылыту маусымының ішінде  3 айда 1 реттен кем емес жүргізілуі керек. Жылыту маусымы басталуының алдында пештер мен түтіндіктердің дұрыстығын тексеру керек; пештің тексерісі жүйелі түрде өткізілуі қажет; отындар мен басқа жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықта қаттап салынуы тиіс; кешкі уақытта пеш жағуды ұйқыға дейінгі 2 сағат ішінде тоқтату керек;  жиһазды, перделерді және басқа жанғыш материалдарды, заттарды жанып жатқан пештен 1 метрден жақын емес орналастыру қажет; пештер мен түтіндіктерді қара күйеден тазалауды жылыту маусымы басталуының алдында, сондай-ақ жылыту маусымының ішінде 3 айда 1 реттен кем емес жүргізу керек екендігін ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР.

Пеш жағып жылытуды қолданған кезде пештердің осы түріне арналмаған жанармаймен жағуға; пештерді тұтандыру үшін бензинді, керосинді, дизельдік жанармаймен және басқа жанғыш және тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға; пеш жағу мөлшерінен артатын ағаштарды қолдануға; түтіндіктер орнына (есебінде) газды және желдеткіш түтіктерді қолдануға; пешті өртке қарсы өңдеусіз қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. 

 

 

 

ТЖД Успен ауданың.