Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

            Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың (05.02.2016 ж. №190) Жарлығына сәйкес 2022 жылдың бірінші тоқсанында барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланған болатын.

           Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты барлық өңірлерде ағымдағы жылғы 19 қаңтарға дейін, сондай-ақ ТЖ туралы Заңның 15-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, оның қолданылу кезеңінде барлық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе шектеу көзделеді. 

           Жоғарыда айтылғандардың негізінде есеп беру кездесулерін өткізу мерзімі 1 айға ауыстырылатынын хабарлаймыз. Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерін өткізудің нақтыланған кестесі мен форматын көрсете отырып, қосымша жарияланатын болады.

          Өз ұсыныстарыңызды, ескертулеріңізді және пікірлеріңізді электрондық форматта немесе жазбаша түрде жібере аласыз:

  1. Өтініштер үшін арнайы орнатылған жәшіктерге: Успенка ауылы, Қазыбек би көшесі, 71 мекенжайы бойынша аудан әкімдігі ғимаратының жанында; әрбір елді мекеннің белгілі бір орындарында;
  2. Аудан әкімдігінің сайтына;
  3. Instagram әлеуметтік желісінің аккаунттарында: @nv.dychko; ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ресми парақшалары;
  4. Байланыс телефондары арқылы: (871834)91-9-37, 91-8-30.