Қыс мезгілінде абай бол!

Қыс мезгілінде абай бол!

Табиғат, әсіресе қыста, көп күтпегендік пен қиыншылықтарды, бақытсыздықты әкеледі, кейде зақым келтіреді, кейде бұзады. Әрбіріміз «апатты (авариялық) жағдайларда», табиғатта өзіміздің білімімізбен, дағдымызбен және тәжіриебемізбен ұйымдасқан түрде моральдық, физикалық, психологиялық дайын болуымыз керек.

         СМС хат түрінде даулды ескерту немесе көлік жолдарының жабылуы жайында ақпарат келген кезде, тұрғын ортадан шығудан бас тартуыңызды талап етеміз. Ауа райының нашарлауы кезінде жол-көлік оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін. Нәтижесінде, ауа температурасының тым төмендеуінен суық тию немесе адам қаза табуына әкеліне мүмкін.

         Қыста жолға шығуда бірнеше  жалпы қарапайым ережелерді білу артық болмайды:

         - ауа райы өзгерістерін метереологиялық мәліметтерді тыңдап немесе қоршаған табиғатқа қарап бақылауға тырысыңыз, мүмкін жол жүруден бас тарту керек шығар;

         - артық киімді ала жүріңіздер;

         - егер өзіңізді нашар немесе қатты шаршағандықты сезінсеңіз, бірден қайта оралыңыз;

         - суық ауа райында әсіресе, қатты желде жалпы немесе жергілікті салқын тигізбей өзіңіздің жағдайыңызды әрдайым қадағалаңыз;

         - киім қозғалысты қиындатпауы қажет;

         - автокөлікте берік арқан, шам, бензинді шам, ұялы телефонды зарядтауға арналған қосымша жабдықтарды ала жүруге кеңес беріледі.

 

Үсу кезіндегі алғашқы көмек

Аязда көбінесе адамдардың аяқ-қолдары, беті үсиді. Үсікке санаулы минуттарда шалдығуға болады. Үсудің немесе қалдыраудың алғашқы белгілерінде (шаншып ауыру, дененің дызылдауы болуы мүмкін, содан кейін терінің өңсізденуі, көкшіл рең мен сезімталдықтың жойылуы) дененің зақымдалған жерінде қан айналымды күшейту қажет. Егер ая тоңса, алға-артқа (30-50 рет) үлкен сермеулерді жасау пайдалы, егер қол тоңса, иықтан жігерлі сермеулер, саусақтарды жылдам қысу мен босату. Мұрын, құлақтар, бет үсіген кезде қанның бетке құйылуын қоздыру керек, ол үшін алға қарай қатты бүгіліп қандай да бір қашықтыққа кету немесе  10-15 төмен бас ию керек. Егер бұл да көмектеспесе, зақымданған жерді құрғақ таза жүнмен (қармен емес) немесе жай ғана алақанмен уқалау керек. Ыстық шәй, кофе ішу, бірнеше шақпақ қатты жеу қажет.

 

 

         Успен ауданының ТЖБ