Успен ауданындағы отбасылар бойынша рейдтік іс-шаралар

Успен ауданындағы отбасылар бойынша рейдтік іс-шаралар

Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның тапсырмасына сәйкес, рейдтік іс-шаралар барысында полиция бөлімінде есепте тұрған отбасылар мен көп балалы, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға барды. Құрамында ТЖ бөлімінің, аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің, білім бөлімінің, ауыл әкімдіктерінің және т. б. өкілдері бар мобильді топтар отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын, қысқы кезеңге дайындығын (пештердің жағдайы, улы газ датчиктерінің болуы, қатты отын, отын қоры) және т. б. тексерді. Ата-аналармен қауіпсіздік техникасын сақтау, балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу, салауатты өмір салтын жүргізу, балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамту бойынша ата-ана міндеттерін тиісінше орындау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Анықталған проблемалар бойынша нақты шаралар уақытылы қабылдануда. 2021 жылы бірлескен қызмет нәтижесінде, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы шеңберінде 83 кәмелетке толмаған бала тұратын 33 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.