Құрметті Павлодар облысының кәсіпкерлері мен тұрғындары!

Құрметті Павлодар облысының кәсіпкерлері мен тұрғындары!

2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып сатуға тыйым салу туралы 110-бабы  2-тармағының 16) тармақшасы күшіне енді. Бағалар қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді (ақ фонда қара түсті бірдей мөлшердегі әріптермен) пайдаланбай, сауда объектісінде сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы сатып алушының назарына жеткізіледі.

 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК) 199-бабымен сәйкес темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын және темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: кәсіпкерлік субъектісінің нысанына және бұзушылықтардың қайталануына байланысты 15-тен 120 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Анықтама: ҚР ӘҚБК-нің 199-бабы бойынша істерді қарау жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.