Ақтауда "Ақ Бидай"Vll республикалық ауыл ойындары аяқталды

Ақтауда "Ақ Бидай"Vll республикалық ауыл ойындары аяқталды

Павлодар облысының құрама командасының құрамында Успен ауданынан 3 спортшы табысты қатысты. Лозов ауылының тұрғыны Екатерина Ланглиц 21-23 жас аралығындағы жазғы Президенттік көпсайыстан күміс медальға ие болды. Қозыкеткен ауылының тұрғыны Баймулдинов Қуаныш пен Щербань Людмила үстел теннисінен облыс намысын қорғап, екінші командалық орынға ие болды. Біздің жүлдегерлерге қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауды, өзінің спорттық шеберлігін жетілдіруді және келешекте бізді өз табыстарымен қуанта берулеріңізге тілектеспіз.