Әрбір ата – ана баласын мектепке немесе балабақшаға жібере отырып, сапалы білім алу, қауіпсіз жағдайлар жасау, толыққанды тамақпен қамтамасыз ету және т.б. бойынша мемлекеттік қолдауға сенімді.
14 қазанда кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кеңейтілген отырысында бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер талқыланды: ауданның білім беру мекемелерінде оқушыларды тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру; мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру; "баланы мектепке жина"қайырымдылық акциясын өткізу қорытындысы. Округ бөлінісінде проблемалық және қолайсыз отбасыларды қысқы кезеңге дайындау, түрлі есептерде тұрған балалар мониторингі жүргізілді . Талқылауға: А. К. Жиренова - білім бөлімінің басшысы, С. У. Наукенова – АТК басшысы орынбасарының м. а., ауылдық округ әкімдері, білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Отырыс ZOOM платформасында онлайн форматта өткізілді.