«Менің кіші Отаным» конкурсының облыстық кезеңіндегі оқушыларымыздың жетістіктері

«Менің кіші Отаным» конкурсының облыстық кезеңіндегі оқушыларымыздың жетістіктері

Қазақстанда халық білімінің негізін қалаған белгілі педагог-ағартушы Ыбырай  Алтынсаринның 180  жылдығына  орай «Ертіс дарын» ӨҚББОӘО  2021 жылдың 11 қазанында  жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты ІV республикалық  интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимінде өткізді. Конкурсқа ауданнан 4 оқушы, аудандық кезең жеңімпаздары қатысты.

Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді.

 І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды.

ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу).

«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинация бойынша  ІІІдәрежелі дипломымен  Успен №2 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Пуховская Жанна марапатталды.

 «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинация бойынша ІІ дәрежелі дипломымен Успен №3 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы  Мусалимова Айнур марапатталды.

«Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинация бойынша ІІ дәрежелі дипломымен Павлов ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Кашкаха Юлия марапатталды.

Оқушыларымызды құттықтай отырып, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!!!