Павлодар облысының ХҚО-лары сенбі күні жұмыс істемейді

Павлодар облысының ХҚО-лары сенбі күні жұмыс істемейді

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің № 20 қаулысына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі күндері жұмыс жасамайтын болды. Қаулыға сәйкес облысымыздың Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді, сенбі, жексенбі, мереке күндері – демалыс. ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 23 тамызынан бастап ХҚО-лар клиенттерді міндетті брондаусыз, Ashyg жүйесі арқылы қабылдайды. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтердің 90% - дан астамы онлайн форматқа көшірілгенін атап өтуде - азаматтар қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталы, Telegram-бот EgovKzBot2.0, egov mobile мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы, ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.