2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды

Елде кезекті санақты өткізу елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша ел тұрғындарын сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты кең ауқымда алуға және басқа елдердің, бірінші кезекте ЕАЭО бойынша серіктес елдердің санақтарының деректерімен салыстырмалы деректерді алуға мүмкіндік береді.

 Сондай-ақ, санақ қорытындысы бойынша халықтың саны мен жыныстық-жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптастырылатын болады, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу жүргізіледі.

Үшіншіден, санақ қорытындысы экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты анықтау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай - ақ, мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.

Осы шараның ерекшелігі – алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтпек. 1 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында интернет-сауалнама респонденттерге жүргізіледі, олар виртуалды көмекшінің көмегімен тұрған орнына қарамастан өздігінен санақтан өтуге және өзі, отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады.

Сонымен қатар, egov.kz Электрондық үкімет сайтының басты парағында sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтына өтетін сілтеме бар, ол арқылы онлайн режимде санақ парақтарын толтыруға болады. Отандық мобильды қосымша Aitu messenger арқылы өтуге де болады. Ол Appstore және Playmarket-тен жүктеуге қолжетімді.

Сондай-ақ, респонденттер Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдіктерде, пошта бөлімшелерінде  және т. б. нысандарда орналасатын арнайы ұйымдастырылған нұсқаушы учаскелерде санақтан өте алады.

Онлайн режимде санақ жүргізу кезеңінде ұялы телефоннан "88000800878" және стационарлық телефоннан "1446" арқылы Call-орталықтың тегін бірыңғай телефон нөмірінен санақ мәселелері бойынша кеңес беру қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 қазаннан бастап 30 қазанға дейін дәстүрлі жаппай сауалнама интервьюерлермен электронды планшеттерді пайдалана отырып жүргізіледі. Олар толық вакцинацияланған және  сондай-ақ олар үшін жеке қорғаныс құралдары -  медициналық маскалар, пульверизаторы бар спрейлер және антисептиктер қарастырылған.  Санақ кезінде мәліметтерді жинау үшін сәйкестендіруші ақпарат ретінде сауалнама жүргізілетін тұлғаның ЖСН-і пайдаланылатын болады. Бұл мәліметтердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Онлайн санақты толтырған ремпонденттерге интервьюерлердің сауалнамасына жатпайды.

Біздің облыстың барлық тұрғындарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетулеріңізді және халық санағына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!

Қазақстанда әркім маңызды!