Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама

Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 25 шілдеде өткен Успен ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2021 жылғы 26 шілдеде сайланған әкімдерді тіркеді:

          1) Успен ауданы Лозов ауылдық округінің әкімі - Баймулдинов Болат Кабылдинович, 1965 жылы туған, Лозов ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған, Лозов ауылдық округінің Лозов ауылында тұрады;

          2) Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің әкімі - Скаков Мухтар Егимбаевич, 1964 жылы туған, Равнополь ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған, Равнополь ауылдық округінің Константинов ауылында тұрады;

          3) Успен ауданы Қоңырөзек ауылдық округінің әкімі - Кумуков Руслан Зекерьевич, 1969 жылы туған, «Ажболат» несие серіктестігі» ЖШС заңгері қызметін атқарған, Қоңырөзек ауылдық округінің Қоңырөзек ауылында тұрады.

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы