Успен ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Успен ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2021 жылы 25 шілдеде Успен ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы үш ауылдық округінде өтті.                  

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Успен ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларынан сайлау қорытындысы анықталды:

Лозов ауылдық округінің әкімін сайлау

бойынша Лозов сайлау округі:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 948 адам енгізілді, олардың 936 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 39, «Бәріне қарсы» белгісі бар - 16.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

          Баймулдинов Б.К. - 731; Сартисон В.Ю. – 70; Такиш Н.Б. – 80.

«Nur Otan» партиясы ұсынған, Лозов ауылдық округінің Лозов ауылында тұратын, Лозов ауылдық округінің әкімі, 1965 жылы туған, Баймулдинов Болат Кабылдинович Лозов ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

         

Равнополь ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша

Равнополь сайлау округі:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 1323 адам енгізілді, олардың 1171 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 63, «Бәріне қарсы» белгісі бар - 51.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

          Каирова А.Т. – 357; Нурмухамбетова Г.К. – 191; Скаков М.Е. – 509.

«Nur Otan» партиясы ұсынған, Равнополь ауылдық округінің Константинов ауылында тұратын, Равнополь ауылдық округінің әкімі, 1964 жылы туған, Скаков Мухтар Егимбаевич Равнополь ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Қоңырөзек ауылдық округінің әкімін сайлау

бойынша Қоңырөзек сайлау округі:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 902 адам енгізілді, олардың 877 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 25, «Бәріне қарсы» белгісі бар - 10.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

          Дисенова А.В. – 52; Жандрахимов А.С. - 62; Кумуков Р.З. - 728.

өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған, Қоңырөзек ауылдық округінің Қоңырөзек ауылында тұратын, «Ажболат» несие серіктестігі» ЖШС заңгері, 1969 жылы туған, Кумуков Руслан Зекерьевич Қоңырөзек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

          Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылы 25 шілдеде сайланған Успен ауданының ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін тіркеді.

 

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы