Аудандық комиссия отырысы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

Аудандық комиссия отырысы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

Бүгін аудан әкімінің орынбасары С.О. Жүніспаеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Уақыт талабына сай отырыс бейнеконференцбайланыс режимінде өтті. Талқылауға ауылдық округ әкімдері, білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Осы кезең үшін өзекті мәселелер: жазғы кезеңде оқушылардың демалысын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру барысы туралы, аудандық Жастар бастамаларын дамыту орталығының кәмелетке толмағандармен және жастармен қызметі туралы. Аудандық КТІ және ҚҚК хаттамалық тапсырмаларын орындау, кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту және т. б. бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.