Успен ауданының Лозов, Равнополь және Қоңырөзек ауылдық округтеріне әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Успен ауданының Лозов, Равнополь және Қоңырөзек ауылдық округтеріне әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2021 жылдың 15 шілдесінде Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, отырыста «2021 жылдың 25 шілдесіне белгіленген, Успен ауданының Лозов, Равнополь және Қоңырөзек ауылдық округтеріне әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

Сайлау комиссиясының төрағасы М.А. Жылқыбаева Успен ауданының ауылдық округтеріне әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.

Ол, 2021 жылдың 14 шілдесі сағат 18.00 жағдайына, Успен ауданының сайлау комиссиясына Успен ауданының ауылдық округтеріне әкімдікке ұсынылған 11 кандидаттардан 9 адам тіркелгенін, 2 кандидат бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкессіздік анықталғанын хабарлады.

Тіркелген кандидаттар ішінде 6 (66,6%) ер адам және 3 (33,4%) әйел адам.

Мамандықтар бойынша: 4 – экономист, 2 – ұстаз, 1 – зоотехник, 2 – заңгер.

Кандидаттардың арасында: 1 коммерциялық құрылым жұмыскері; 4 бюджеттік ұйым жұмыскері; 4 мемлекеттік қызметші.

2021 жылдың 14 шілдесі сағат 18.00-ден бастап Успен ауданының ауылдық округтеріне әкімдікке тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуге құқығы бар, үгіт ағымдағы жылдың 24 шілдесі сағат 00.00-де аяқталады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» № 12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан - 15 минут; радиодан - 10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған. Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тең шарттарға кепілдік беріледі.

Успен ауданының ауылдық округтеріне әкімдікке кандидаттардың тізімі

 

  1. Лозов ауылдық округіне әкімдікке кандидаттар:

- Болат Қабылдаұлы Баймулдинов, 1965 жылы туған, Лозов ауылдық округінің әкімі, Лозов ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» ҚБ ұсынған;

- Нұржан Бақтыбайұлы Тақыш, 1986 жылы туған, «Успен ауданының БЖСМ» КМҚК бапкер-ұстазы, Успен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

- Валерий Юрьевич Сартисон, 1985 жылы туған, «Жастар ресурстық орталығы» ЖБДО» КММ әдіскері, Успен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

  1. Равнополь ауылдық округіне әкімдікке кандидаттар:

- Каирова Айтолқын Турагуқызы, 1976 жылы туған, Успен ауданының «Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қоңырөзек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

- Мұхтар Егімбайұлы Сқақов, 1964 жылы туған, Равнополь ауылдық округінің әкімі, Константинов ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» ҚБ ұсынған;

- Гүлнар Қабышқызы Нұрмұхамбетова, 1992 жылы туған, «Жастар ресурстық орталығы» ЖБДО» КММ әдіскері, Лозов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

  1. Қоңырөзек ауылдық округіне әкімдікке кандидаттар:

- Азат Сергеевич Жандрахимов, 1991 жылы туған, «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы, Успен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

- Руслан Зекерьевич Кумуков, 1969 жылы туған, «Ажболат» НС» ЖШС заңгері, Қоңырөзек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

- Айгуль Владимировна Дисенова, 1984 жылы туған, «Успен аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК кадр бойынша инспекторы, Успен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.