2021 жылғы 19 шілдеде сағ. 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 3 сайлау округінде 11 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 2 (18,2%) – саяси партиялармен, 9 (81,8%) – өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Саяси партиялар 2 сайлау округі бойынша кандидатураларды ұсынды: «Nur Otan» партиясы 2 кандидат.
Орташа бәсекелестік 2 адамды құрады.
Қазіргі кезде оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, бұл іс-шара 2021 жылғы 14 шілдеде сағ. 18.00-де аяқталады.
А.ж. 9 шілдесі жағдайына барлық округтерде кемінде екі адамнан ұсынылды.
Кандидаттардың шығып қалуы және баламаның болмауы (сайлау округінде екі кандидаттан кем) жағдайында, заңнамаға сәйкес, ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге шегеріледі.
А.ж. 10 шілдесі жағдайына 9 кандидат тіркелді (100%), 2 кандидат бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкессіздік анықталды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9-тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-тарда жарияланады.