2021 ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ 1-КЕЗЕҢІ

2021 ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ 1-КЕЗЕҢІ

Құрметті Успен ауданының тұрғындары мен қонақтары!

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» № 419 қаулысына сәйкес а.ж. 01 маусымында халық санағының бірінші кезеңі басталды, ол а.ж. 30 маусымға дейін жалғасады.

Дайындық кезеңі. 2021 жылы маусым айының 1 мен 30 аралығында интервьюерлер тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың, құрылыстардың, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. Бұл кезеңде аудандастыруға дайындық жүргізіледі.

Санақтық аудандастыру – бұл өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын санақты өткізу үшін нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу.

Успен ауданында интервьюерлердің (тіркеушілердің) тұрғын үйлерді және тұрғын емес үй-жайларды аралауы а.ж. 01 маусымында басталды. Аумақтарды аудандастыруға сәйкес ауданда үш тіркеу учаскесі бөлінді:

1) № 1 тіркеу учаскесі Успен ауылдық округінің Успен ауылының аумағын қамтиды.

2) № 2 тіркеу учаскесі Лозов, Қозыкеткен және Ольгин ауылдық округтерінің, Успен ауылдық округінің Белоусовка және Травянка ауылдарының, Равнополь ауылдық округінің Таволжан ауылының аумақтарын қамтиды.

3) № 3 тіркеу учаскесі Новопокров және Қоңырөзек ауылдық округтерінің, Равнополь ауылдық округінің Константиновка мен Равнополь ауылдарының аумақтарын қамтиды.

Интервьюерлердің айырым атрибуттары:

1) куәлік (бейдж үшін қосымша бет). Куәлікте интервьюердің суреті болады, сонымен қатар мынадай деректемелер: тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның жарамдылық мерзімі, аумақтық статистика органының – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің қолы мен мөрі көрсетіледі;

2) халық санағының символикасы бар көк түсті шарф;

3) халық санағының символикасы бар көк түсті портфель.

2021 жылы ҚР халқының ұлттық санағын өткізу тәртібі мен мерзімдері туралы, нормативтік-құқықтық базасы және басқалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат www.sanaq.gov.kz сайтында.