«Ұлттық халық санағы-2021 басталды»

«Ұлттық халық санағы-2021 басталды»

«Ұлттық халық санағы-2021 басталды»

2021 жылғы 1 маусымда біздің облысымызда  2021 жылғы Ұлттық халық санағының 1-ші кезеңі басталды.

Бірінші кезең - дайындық кезеңі. Маусым айы ішінде арнайы оқудан өткен интервьюерлер облыстағы елді мекендердегі тұрғын және тұрғын емес 
үй-жайлар, ғимараттарды аралап шығады. 1-кезеңді өткізуге 225 интервьюер
 мен 34 инструктор-контролер
тартылады.

Аралау барысында әрбір интервьюер өзінің тіркеу учаскесі шегінде үй-жайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімдерін жасау, әрбірінде тұрақты тұратын халық санын нақтылау және картографиялық материалға қажетті өзгерністер енгізуі тиіс. Санақ объектілері бойынша деректерді интервьюер планшет құрылғысын қолдану арқылы электрондық базағa   енгізіп отырады.
             Үй-жайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлардың тізімдерін нақтылау ағымдағы жылғы қазан айында өтетін халық санағының 2- кезеңіне елді мекендер аумақтарын инструкторлық және есептік учаскелерге дұрыс бөлу үшін қажет.
            Санақтың 1-кезеңінің қорытындысы санақ персоналына арналған жүктеме нормасына сәйкес халық санын біркелкі бөлуге және жалпы халық санының қамтылу толықтығын қамтамасыз етуге арналған база болып табылады.
            Халық санағының интервьюерін келесі белгілері арқылы анықтайсыз:интервьюер куәлігі (Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің мөрімен куәландырылған), бөкебай (салқын кезде) және халық санағының логотипі бар көк түсті портфель. Санақ өткізуге жұмылдырылған интервьюерлер жайлы ақпарат www.stat.gov.kz. интернет-ресурсында және Департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылатын болады, cондай-ақ 55-86-89 және 53-29-97 (Павлодар қ. бойынша) және аудандық статистика басқармаларының байланыс нөмірлері бойынша қолжетімді болады.

«Қазақстанда әркім маңызды!»

2021 жылғы Ұлттық халық санағының әнұраны.
Әрбір азаматты алдағы өтетін ауқымды шараға қатысуға шақырамыз.