Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 5 шілдедегі «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 6 шілдеде № 20935 тіркелген), бес жасқа дейінгі балаларды және спортпен айналысатын тұлғаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халық баратын, қызмет көрсетуге және демалуға арналған жерлерде, қоғамдық көліктерде (таксилерді қоса алғанда) ашық ауадағы қоғамдық орындарда болған кезде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады.
Бетперде режимін сақтамау тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Бұған қоса, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны алу қоғамдық орындарда бетперде режимін сақтауды жоққа шығармайды.
Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 12 Қаулысына сәйкес COVID-19 таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында медициналық немесе мата бетперделерін үй-жайларда да, ашық ауада да міндетті түрде кию қарастырылған.
Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы талаптарды орындау міндетті болып саналады.Заң бұзушылықтар анықталса, құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде жедел шаралар қабылданады.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында, Сіздерден азаматтық сана-сезімді көрсетіп және қолданыстағы шектеу іс-шараларын ұстануды жалғастыра беруді сұраймыз.