
Құрметті Успен ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізіледі.
Халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау (респонденттерге жаппай сауал салу арқылы), өңдеу және алынған ақпаратты, статистикалық көрсеткіштер жүйесін және олардың талдауын қалыптастыру, халық туралы агрегатталған (иесіздендірілген жиынтық) деректерді бағалау және тарату процесін қамтитын арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау.
Халық санағының қорытындылары жалпы ел бойынша, қалалық және ауылдық жерде және өңірлік бөліністе жынысы мен жасы, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, ұстанатын діні, білім деңгейі, тілдерді меңгеруі, үй шаруашылықтарының (және отбасылардың) саны мен көлемі, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша халық санының құрылымындағы өзгерістер сияқты халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында өткен 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.
Санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, некелік-отбасылық қатынастарды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін қажет.
1-КЕЗЕҢ – 2021 ЖЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН БАСТАП 30 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА
Аудандастыру үшін тұрып жатқан халықты нақтылау бойынша тұрғынжайларды, тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және тұрғын емес үй-жайларды аралап шығу
2-КЕЗЕҢ – 2021 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАЗАННАН БАСТАП 30 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ХАЛЫҚ САНАҒЫ
Сіз:
1 қыркүйек-15 қазан аралығында өз бетінше www.sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде
немесе
1-30 қазан аралығында Сізге интервьюер барған уақытта санақты өте аласыз.
2021 жылы ҚР халқының ұлттық санағын өткізу тәртібі мен мерзімдері туралы, нормативтік-құқықтық базасы және басқалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат www.sanaq.gov.kz сайтында.
Ақпарат көзі: www.sanaq.gov.kz