Аудандық комиссияның кеңейтілген отырысында…

Аудандық комиссияның кеңейтілген отырысында…

 Қашықтықтан ZOOM алаңы арқылы ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті, патриотизмді, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру туралы (Жиренова А. К., Тауасқан М. А., Нурмухамбетова Г. К.); Успен аграрлық-техникалық колледжіндегі тәрбие жұмысының жай-күйі туралы (Аубакирова Г. С.) ; білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, ауданның білім беру мекемелерінде қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау туралы (Бахтиярова Н.А., Каматова А.Е.) маңызды мәселелер қаралды.
Комиссия жұмысына аудан мектептерінің психологтары қатысты.