Отбасыларға қолдау көрсету тұрақты бақылауда

Отбасыларға қолдау көрсету тұрақты бақылауда

А.ж. 23 сәуірінде онлайн форматта "диалогтық терезе" апта сайынғы диалог алаңдары аясында Успен ауылының 3 тұрғынымен кездесу өтті. Әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.О. Жүніспаеваның төрағалығымен өмірлік қиын жағдайда жүрген 3 отбасының проблемалары (тұрғын үй мәселесі, материалдық қиындықтар және т. б.) талқыланды. 2 отбасы көпбалалы. Проблемалық мәселелерді талқылауға және шешуге білім бөлімінің, № 1 және 2 Успен ЖОББМ, аудан әкімдігінің, Успен ауылдық округі әкімі аппаратының, аудандық аурухананың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты. Мүдделі қызметтерге тапсырмалар берілді.