Павлодар облысының ХҚО-лары сенбі күндері жұмыс істейтін болады

Павлодар облысының ХҚО-лары сенбі күндері жұмыс істейтін болады

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің № 1 қаулысына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі күндері жұмысын қайта бастайды.

Қаулыға сәйкес облысымыздың Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі 9.00-де 14.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі, мереке күндері – демалыс.

ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар.

ХҚО-ға бармас бұрын кезекті алдын ала брондауды ұсынамыз. Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, EgovKzBot2.0 телеграм-бот, немесе egov mobile мобильді қосымшасын пайдалана алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады.