Қайырлы таң, оқырман! Біз әдеттегідей аптаны #oqy&toqy айдарынан бастамақпыз. Бүгін ЖШС-ны тарату жолдарын айтатын боламыз.
Еgov.kz арқылы:
- Порталға кіріңіз, порталдың «Бизнеске», «Бизнесті тіркеу және дамыту», «Бизнесті тіркеу және жою» тармақтарына өтіп, «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» қызметіне онлайн тапсырыс беріңіз.
- Портал талап екен деректерді толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз.
Есіңізде болсын
- Порталға жүктелетін құжаттардың скан көшірмелерін алдын ала дайындап алуды ұмытпаңыз.
- Бұл қызметті жүзеге асыру үшін порталға ЖШС басшысының ЭЦҚ-сымен кіру керек.
ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:
- Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз.
- ХҚО операторы арқылы заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеуге өтініш беріңіз.
- Қажетті құжаттар тізімі (портал үшін де, ХҚО үшін де)
- меншік иесінің немесе құрылтайшылар жиналысының мөрімен бекітілген шешімі;
- ЖШС таратылатындығы туралы жарияланған хабарлама бар газет көшірмесі;
- ЖШС-ның мөрін жойған ұйымның анықтамасы;
- Акцияларды шығарудың күшін жою туралы Ұлттық Банктің хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін);
- Филиал және өкілдікті есептен шығарған жағдайда филиал туралы өтініш және ереже;
- Қызмет құны төленгені жайлы түбіртек.
- Қызмет құны:
- Ірі бизнес субъектілері үшін - 18382 тг;
- Шағын және орта бизнес субъектілері үшін – тегін.
Қызмет көрсету уақыты портал арқылы да, ХҚО арқылы да 5 жұмыс күнін құрайды.
Ескерту
- Бұл қызметке өтініш қалдыру ЖШС-ны тарату этаптарының ең соңғысы болып табылады.
- ҚҚС бойынша тіркелмеген, белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін арнайы режимді қолданбайтын, бұрын қайта ұйымдастырылмаған, салықтық тексеру жоспарына енгізілмеген ЖШС-лар жеңілдетілген тарату жолын пайдалана алады. Олар құжаттарды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасының бақылау үстелінен өткізумен шектеле алады.