ЖШС тіркеу

ЖШС тіркеу

          Сәлем достар! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы айтып бермекпіз.
Еgov.kz арқылы:
- Порталдың "Бизнесті тіркеу және оны дамыту" бөлімшесінен қажетті қызметті тауып, онлайн сұратыңыз;
- Бірінші қадамда ұйым жайлы деректерді толтырып, компанияңыздың толық және қысқа атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазыңыз;
- Ұйымның құқықтық формалары мен құрылтайшылары жайлы ақпараттарды да толық толтырыңыз;
- Заңды мекенжайын, байланыстарын және экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын, жұмыспен қамтылған адамдардың санын көрсетіңіз.
- Егер банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, оны үшінші қадамда банк талап еткен құжаттарды тіркей отырып рәсімдеңсіз.
- Келесі қадамда сақтандыру шартын онлайн жасауға болады.
- Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
- Егер банк шоты мен сақтандыру шартын өз бетіңізше жасауды жоспарласаңыз, 1-қадамнан соң, бет соңындағы тиісті тармақты белгілемеңіз.
- Егер компания басшысы басқа адам болса, оның ЖСН нөмірі порталда көрсетілген соң, ол 1 сағат ішінде әрекетті растауы қажет.

- Қызмет уақыты - 1 сағ. (Қайта тіркеу- 1 жұмыс күні). Нәтижесін жеке кабинетіңізден аласыз.

- Тіркеуді ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін Сізге келесі құжаттар тізімі қажет:
- жеке куәлік;
-  заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініш;

Қызмет құны
✔ Ірі бизнес субъектілері үшін - 18382 тг;
✔Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тіркеу – тегін.

ЖШС-нің атауы, құрылтайшылар құрамы өзгерген жағдайда және жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда ХҚО арқылы құжаттарды қайта тіркеу қажет. Ол үшін келесі құжаттар тапсырылады:
-  өтініш (ХҚО-да беріледі)
-  өзгеріс бойынша қаулы
- мерзімі 1 айдан аспаған БАҚ баспа басылымында жарғылық капиталдың өзгеруі туралы жарияланым (жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда)
-  келісімшарт түпнұсқасы (құрылтайшылар өзгерген жағдайда)

Қызмет құны
✔Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5656 тг;
✔Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 18382 тг.

Қызмет нәтижесі 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.