Білім туралы құжаттарды қалай қалпына келтіруге болады

Білім туралы құжаттарды қалай қалпына келтіруге болады

    Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында білім туралы құжаттардың, яғни мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар:
          Еgov.kz арқылы:
- Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
- Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз;
- Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
- Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
- Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз.
Есіңізде болсын
- Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек.

Қызмет көрсету уақыты – 15 жұмыс күні.

 

ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:
- Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;
- ХҚО операторы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметіне өтініш қалдырыңыз;
📍Қажетті құжаттар тізімі:
📎Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
📎Өтініш беруші кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілінің құжаттары.

Есіңізде болсын❗️
- ХҚО-ға бармас бұрын білім беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексін біліп алыңыз.
- Егер білім беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергілікті мұрағатқа сұрау жіберу арқылы алынады.

- Қызмет көрсету құны – тегін.
Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 30 жұмыс күнін құрайды.