«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы ауылдардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар міндеттер, ауыл тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы өмір сүру ортасын құру шешілуде. Осы бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы жалпы сомасы 686,4 млн.теңгеге 18 жобаны іске асыру жоспарланған. Денсаулық сақтау саласында екі объект (Успен АА және Галицкая ДА), білім беру саласында үш объект (Галицкая ЖОМ, № 2 Успен ЖОМ және Успен  а. "Балдырған" БЭО), мәдениет және спорт саласында үш объект (Галицкое а. АМК, Успен  а. БЖСМ, Галицкое а. көпфункционалды спорт алаңының құрылысы) күрделі жөндеулер жүргізілді және Успен  ауылында 7,7 шм. және Галицкое ауылында 1,1 шм. кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. 15 объектіде жұмыстар сапалы және мерзімінде аяқталды. Үш нысанда: БЖСМ, Успен АА және Галицкое ауылындағы АМҮ жұмыстарды ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарлануда.

Осы жобаларды іске асыру халықтың өмір сүру сапасын және ауылдық жерлердің инфрақұрылымдық келбетін жақсартуға айтарлықтай оң ықпал етуге мүмкіндік берді.