2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайтынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Аудан аумағында тұрақты тіркеуі жоқ және орналасқан жері бойынша дауыс беруге ниет білдірген азаматтар дауыс беру күніне дейін бір айдан кешіктірмей немесе 23 шілдеге дейін Успен ауданының әкімдігіне (Мекен-жайы: Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71, 12 каб.) сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтініш беруі қажет.
Бұл құқықты келесі азаматтар пайдалана алады:
- дауыс беру күні өзі тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;
- әскери қызметшілер;
Успен ауданының Құрылтай сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміндегі деректеріңізді Успен ауданы әкімдігінің Call-орталығы арқылы +7 (71834) 92-099 нөмірі бойынша тексеруге болады, немесе деректеріңізді +7 708 591 91 69 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу арқылы білуге болады.
Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 - 14.30).
Успен ауданының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға және сайлауға қатысуға шақырамыз!