Мәселелер сан түрлі … мақсатымыз бір – балаларға қамқорлық жасау!

Мәселелер сан түрлі … мақсатымыз бір –  балаларға қамқорлық жасау!

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысында әр түрлі салалардағы мәселелер қарастырылды, бірақ оларды бір мақсат - балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен мемлекеттік қолдау біріктіреді. Төрайым – Успен ауданы әкімінің орынбасары С.О. Жүніспаева. 2020 жылы мектеп оқушыларының денсаулығының мониторингі туралы баяндаған Нуртазина Р.А.- аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары және Жиренова А.К. –білім бөлімінің басшысы. «Еріктілер жылы» аясында кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы баяндаған Дюсекеев А.Б. – жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры. 2019-2020 жылдардағы мектеп түлектеріне аудан әкімінің білім грантын ұсыну туралы баяндаған Фергалюк Е.Л.- жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің басшысы. Комиссия Успен аудандық полиция бөлімінің ата-аналық міндетін тиісінше атқармайтын Константинов ауылының тұрғынына қатысты ұсынысын қарады.

         Күн тәртібіндегі барлық мәселелер талқыланды. Аудандық қызметтерге тапсырмалар берілді.