2026 жылғы 15 мамырдан бастап жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталады. Конкурстың мақсаты – отбасы институтын нығайту, адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау, ата-ананың еңбегінің мәртебесін арттыру және үлгілі отбасы бейнесін қалыптастыру.
Конкурсқа әртүрлі салада жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады:
- Еңбек және кәсіби қызмет саласы
- Спорт, ғылым, мәдениет және өнер саласы
- Шығармашылық және зияткерлік сала
- Қоғамдық маңызы бар және волонтерлік қызмет саласы
Конкурсты өткізу мерзімі:
- Аудандық кезең – 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығы.
Қосымша сұрақтар бойынша Успен ауданының ішкі саясат бөліміне 87051782337 ұялы телефоны арқылы хабарласуға болады.