2026 жылы ауыл шаруашылығы техникасына техникалық байқау

2026 жылы ауыл шаруашылығы техникасына техникалық байқау

Сәуір айынан бастап өзі жүретін шасси мен механизмдер базасында жасалған тракторларға, олардың тіркемелеріне, арнаулы жабдықтармен құралған тіркемелерге, өзі жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай ақ өту жылдамдығы жоғары арнаулы машиналарға жыл сайынғы техникалық байқау өткізіледі.

            Техникалық тексеру барысында тежеу жүйесі, рульдік басқару, доңғалақтар мен шиналардың жағдайы, жарық және дабыл аспаптары, құрылғылары міндетті тексерілуге жатады. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес емес, сондай-ақ бекітілген тәртіпте тіркелмеген машиналар пайдалануға жіберілмейді.

            Сонымен қатар техника бекітілген механизаторлардың тракторист –  машинст куәлігі, аталған санаттағы машинаны жүргізуге құқық беретін рұқсат белгісі тексерілетін болады. Заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, басқа кәсіпорындар машиналармен бірге маркасы және моделі, зауыт нөмірі, шығарылған жылы, қозғалтқыш нөмірі, техникалық паспорты және мемлекеттік нөмір белгісімен баланста тұрған техника тізімін ұсынуға міндетті. Машинаның тіркелу құжаттарын  ұсыну қажет; мөрмен куәландырылған машинаның техникалық жағдайын тексеру актісі екі данада, мемлекеттік кірістер басқармасынан жеңілдік берілетінін растайтын анықтама. Жеке тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатты, тексеруге қойылған машинаны жүргізу құқығына куәлікті, тіркеу құжатын және көлік құралдарына салықты төлеу туралы құжатты немесе мемлекеттік кірістер басқармасынан жеңілдік берілетінін растайтын анықтаманы ұсынады.

            2022 жылы көлік құралдарына салық есебі (тракторлар және өзі жүретін, пневматикалық жүрістегі, шынжыр табанды) трактор маркасына тәуелсіз үш айлық есептік көрсеткішті құрайды. Код 104402 . 

Техникалық байқауға дайындық барысында барлық мәселелер бойынша «Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Успен селосы, 10 лет Независимости  көшесі, 30, тел. 91-3-33 хабарласу керек.

 

2026 жылы Успен ауданы бойынша тракторларды, тіркемелерді, өзі жүретін машиналарды техникалық байқаудан өту кестесі.

 

р/с

А/о атауы

Техникалық   байқаудан өту уақыты 

Өткізу орны

Ескерту

1

Қоңырөзек

20.04.2026

Қоңырөзек а., Дмитриев а.,        Вознесен а., Надаров а.,           Чистополь а.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимараты

2

Новопокров

21.04.2026

Галицк а., Новопокров а.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимараты

3

Равнополь

22.04.2026

Константинов а.,  Равнополь а.,Тобылжан а.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимараты

4

 Ольгин

23.04.2026

Қызылағаш а., Ольхов а.,                      Тимирязев а.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимараты

5

Қозыкеткен

24.04.2026

Қозыкеткен а., Ковалев а.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимараты

6

Лозов

27.04.2026

Лозов а., Екатеринослав а., Қаратай а., Богатырь а.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимараты

7

Успен

Тұрақты

Успен а., с. Белоусов а.,               Травян а.

ХҚКО ғимараты

 

 

«Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімi» ММ бас маманы Н.Токсанбаев