▪️ 2025 жылды қомақты нәтижелермен аяқтадық — Қасым-Жомарт Тоқаев

▪️ 2025 жылды қомақты нәтижелермен аяқтадық — Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық жетістіктерін атап өтіп, елдің дамуына азаматтардың қосқан үлесіне тоқталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ел дамуына азаматтардың қосқан үлесін атап өтіп, отансүйгіштіктің, тазалыққа ұқыпты қараудың және әлеуметтік бірлікті нығайтудың маңызын ерекше атап өтті.

✍️ Мемлекет басшысы соңғы жылдары қол жеткізілген нәтижелер мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болғанын айтты.

– Бірлескен күш-жігердің арқасында экономикалық өсімге қол жеткіздік: елдің жалпы ішкі өнімі 300 миллиард АҚШ долларынан асты, ал жан басына шаққанда шамамен 15 мың долларды құрады. Ұлттық қордың резервтері 65 миллиард АҚШ долларына жетті, оның ішінде алтын-валюта резервтері 35 миллиард доллардан асты, – деді Президент.