▪️ Цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа шынайылықты қалыптастыруда — Президент

▪️ Цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа шынайылықты қалыптастыруда — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа шынайылықты қалыптастырып жатқанын атап өтіп, Қазақстан бұл технологияларды өмірдің барлық саласына белсенді түрде енгізіп жатқанын айтты.

– Цифрландыру мен жасанды интеллект мүлде жаңа шынайылықты қалыптастырады. Бұл жағдайда, бір қарағанда, орныққан түсініктер мен тәжірибелерге енді орын қалмайды. Жаһандық цифрлық экономика жағдайында елдер халқының саны шешуші маңызға ие болудан қалуы мүмкін. Жасанды интеллект қалыптастырған жаңа шынайылыққа бейімделе алған әрі оны қалыптастыру үдерісіне белсенді қатысқан ұлттар табысты болады, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

✍️ Ол Қазақстанның цифрландыруды жедел дамыту және жасанды интеллектіні қоғамдық әрі жеке өмірдің барлық саласына енгізу жолына түскенін, бұл елдің жаһандық цифрлық экономикаға тиімді ықпалдасуына мүмкіндік беретінін айтты.