
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын сақтау мәселесіне арнайы тоқталды.
🇰🇿 Мемлекет басшысы бұл мәселе арнайы нормалар мен заңдармен реттелетінін атап өтіп, мемлекеттік рәміздерге тиісті құрметсіз қарауға жол берілмейтінін айтты.
– Заң талабы әрдайым сақталуы тиіс. Алайда, ең алдымен оның шынайы мәнін терең түсіну қажет, – деді Президент.
✍️ Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік тудың үйлерде, автокөліктерде, көшелерде және спорттық іс-шараларда желбіреп тұрғанын көру өзіне қуаныш сыйлайтынын, өйткені бұл ұлттың бірлігі мен қуатын көрсететінін атап өтті.