
Тұрғындарды қолжетімді көмірмен қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдардың басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты қатты отынды (көмірді) негізсіз жоғары бағамен сатуға жол бермеу мақсатында аудан әкімдігі көмір жеткізушілермен меморандум жасасты.
Жасалған меморандумға сәйкес, ауданда қолайлы бағамен қатты отынды (көмірді) өз қойма аумағы бар төмендегі жеткізушілер жүзеге асырады:
«Гречихина С. И.» ЖК – мекенжайы: Успен ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі, 2А, тапсырыс беру телефондары: ұялы тел. 8-705-447-57-91, жұмыс тел. 91-1-83
«Егимбай-СКС» ЖШС – мекенжайы: Успен ауылы, Баюка көшесі, 58А, тапсырыс беру телефондары: ұялы тел. 8-708-939-34-29, 8-747-616-13-63, жұмыс тел. 91-6-01
«Майкубен – Вест» АҚ разрезінің қоңыр көмірінің құны – тоннасына 23 000 (жиырма үш мың) теңге.
Сарыкөл тас көмірінің құны – тоннасына 20 000 (жиырма мың) теңге.
Қатты отын бағасының негізсіз өсуі мен алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында көмірді ресми сату орындарынан сатып алуды ұсынамыз.