
Успен ауданының Галицкое ауылында жергілікті атқарушы органдардың және "Галицкое"ЖШС қатысуымен іске асырылған жаңа өртке қарсы пункт ашылды. Пункт өрт пен ТЖ-ға ден қою үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті пунктті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, байланыс құралдарымен және өрт-техникалық қару-жарақпен және жауынгерлік киіммен жасақталған "Орал" автокөлігінің базасындағы өрт автоцистернасымен материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етті. "Галицкое" ЖШС тарапынан өрт сөндіру техникасы үшін жылытылатын бокс және кезекші жеке құрамға арналған үй-жайлар ұсынылды. Компания басшысы Александр Косицын бизнестің өз қызметкерлеріне ғана емес, бүкіл ауылдық округтің қауіпсіздігіне қалай қамқорлық жасайтынының жарқын үлгісін көрсете отырып, жобаны іске асыруға елеулі үлес қосты.
Өртке қарсы пункт Новопокровка ауылына да қызмет көрсетіп, бір жарым мыңнан астам адамнан тұратын халықты қорғауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Павлодар облысында Галицкое ауылын қоса алғанда 79 өртке қарсы пункт жұмыс істейді.