Успен ауданының 90 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді!

Успен ауданының 90 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді!

Мерекелік алаңда киіз үйлер құрылып, тұрғындар мен қонақтарға қазақтың төл өнері мен салт-дәстүрін көрсететін этноауыл орналастырылды. Қонақтар үшін балалар мен спорт алаңдары, тақырыптық фотоаймақтар, сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмелері, мұражай экспонаттары және аудан туралы бірегей тарихи материалдар дайындалды.

✨Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясының, Павлодар, Шарбақты аудандарының көркемөнерпаздарының шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Успен ауданының таланттарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама мерекенің жарқын сәніне айналды.

Салтанатты бөлімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жерлестерге құрмет көрсетілді.

🏇🏻Ұлттық ойындар — қазақ күресі мен бәйге ойын-сауық жарыстары көрермендердің ерекше қызығушылығын туғызып, мерекенің нағыз сәніне айналды.

Мерейтойды тойлау - бірліктің, сабақтастықтың және туған өлке үшін мақтаныштың айқын көрінісі!