Грипп

Грипп

Суық тию маусымы басталды: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

Суық түскен сайын тұмау және басқа да жұқпалы аурулар көбейеді. Олардың ішінде ең қауіптісі – тұмау. Бұл жай ғана тұмаурату емес: ауру жылдам өршіп, жоғары қызу, әлсіздік, дененің сырқырауы сияқты белгілермен өтеді және пневмония, бронхит, отит, миокардит сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Қауіп тобына кімдер жатады?

  • балалар,
  • қарттар,
  • жүкті әйелдер,
  • созылмалы ауруы бар адамдар.

Вирус қалай жұғады?

  • жөтелгенде және түшкіргенде ауа арқылы,
  • заттар арқылы (есіктің тұтқасы, телефон, ұстындар),
  • қолды жумай бетке тигізгенде.

Назар аударуды қажет ететін белгілер:

  • қызу 38–40 °С,
  • қатты әлсіздік, қалтырау, дененің сырқырауы,
  • бас, бұлшықет пен көздің ауырсынуы,
  • құрғақ жөтел, тұмау, тамақ ауруы.

Алдын алу жолдары:

  • қолды жиі жуып, антисептик пайдаланыңыз,
  • бөлмені желдетіп, тазалық сақтаңыз,
  • дұрыс тамақтанып, ұйқыңызды қандырыңыз,
  • адамдар көп жиналатын жерден аулақ болыңыз,
  • алғашқы белгілер байқалса, үйде қалып, дәрігерге жүгініңіз.

Вакцинация – басты қорғаныш!

Қазіргі екпелер қауіпсіз және аурудың ауыр өту қаупін едәуір төмендетеді. Вакцина әсіресе балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге және созылмалы ауруы бар адамдарға өте маңызды.

📍 ШЖҚ «Успен аудандық ауруханасында» КМК-да тұмауға қарсы вакцина салдыруға болады. Дәрігерлер сіздің сұрақтарыңызға жауап беріп, екпені тез әрі қауіпсіз жасайды.