Құрылыс – аудан дамуының берік іргетасы. Бірлесе отырып, біз аудан тұрғындары үшін жайлы, заманауи және қолайлы ортаны қалыптастыруды жалғастырамыз!

Құрылыс – аудан дамуының берік іргетасы. Бірлесе отырып, біз аудан тұрғындары үшін жайлы, заманауи және қолайлы ортаны қалыптастыруды жалғастырамыз!

Құрылысшылар күні мерекесі қарсаңында, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Т. Бижанова құрылыс саласының мамандарымен кездесті.
Кездесу барысында құрылыс секторының даму мәселелері, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ ауданымызда жаңа жобаларды іске асырудың болашағы талқыланды.
Кездесудің ерекше сәті – құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстау болды.